Өткен айда тұрғындар 2700-ден аса алтын құймасын сатып алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен айда тұрғындар 2700-ден аса алтын құймасын сатып алған

18.08.2022

Өткен айда тұрғындар 2700-ден аса алтын құймасын сатып алған. Ұлттық банктің хабарлауынша, саудаланған бағалы металдың жалпы салмағы 97 келіден асады. Елімізде халыққа тазартылған алтын құймасын сату бағдарламасы осыдан 5 жыл бұрын басталған. Жоба жүзеге асқалы 3 тоннадан аса 99 мың алтын құймасы сатылды. Азаматтар металдың 10 грамдық құймасын жиі сатып алады. Көбі алтынды сенімді инвестиция деп бағалайды. Қазақстанда оны екінші деңгейлі банктерден сатып алуға немесе қайта сатуға мүмкіндік бар. Нарықта бағасы 24 700 теңгеден асады. 

Ақерке Бектас 

Хабарламаларға жазылу