Қазақстанда алтынға сұраныс артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда алтынға сұраныс артты

21.09.2021

Елде алтынға сұраныс артты. Өткен айда 113 келіден аса құйма сатылған. Тұрғындар екінші деңгейлі банктер мен айырбастау орындарынан 2400-ден аса бағалы металдың құймасын сатып алды. Елде 10 граммдық алтынға сұраныс жоғары: 18 мың данасы саудаланды. Бағалы металды Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырауда алатындар көп. Жалпы елде тазартылған алтын құймаларын сату-сатып алу бағдарламасы 2017 жылы басталды. Содан бері 62 мыңнан аса құйма сатылған.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу