Алтын қымбаттап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алтын қымбаттап жатыр

25.03.2022

Ал осы қаржы нарығындағы тұрақсыздыққа байланысты алтын сатып алушылар көбейген. Бағалы металдың құны қымбаттап барады. Қазір бір унциясы 1900 (мың тоғыз жүз) доллардан астам. Баға жыл басынан бері 7,5 пайызға көтерілді. Халықаралық сарапшылардың айтуынша активтерін сақтағысы келген инвесторлар алтын саудасының көркін қыздырған. Бағалы металды әсіресе Еуропа мен АҚШ-та көптеп сатып алып жатыр. Қазақстандықтар да биыл салмағы 82 келі болатын 2500 астам алтын құймасын алған. 

Хабарламаларға жазылу