Өткен айда ел азаматтары 8300-ге жуық алтын құймасын сатып алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен айда ел азаматтары 8300-ге жуық алтын құймасын сатып алған

21.04.2022

Алтынға сұраныс арта түсті. Ел азаматтары өткен айда салмағы 167 келі болатын 8300-ге жуық алтын құймасын сатып алған. Бұл былтырдың осы кезімен салыстырғанда үш есе көп. Ұлттық банктің хабарлауынша бұған алтынға инвестиция құюға қызығушылардың артуы себеп. Өйткені қаржы нарығындағы тұрақсыздық пен валюта бағамы құбылмалы болып тұрған кезде кейбірі жинағын осылай сақтағысы келеді дейді. Айта кетейін халыққа алтын құймасын сату бағдарламасы басталған 6 жылда қазақстандықтар 3 тоннаға жуық алтын құймасын сатып алған.

Досжан Маратұлы 

Хабарламаларға жазылу