Үкімет отырысында шекаралық өткізу бекеттерін жаңғырту жайы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет отырысында шекаралық өткізу бекеттерін жаңғырту жайы талқыланды

18.08.2022

Еуразиялық экономикалық одақ елдері сыртқы шекарасындағы тоғыз күре жол мен бір теміржол өткізу бекетін жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Үкіметте өткен кеңесте айтылды. Жоба екі кезеңмен жүзеге асады, яғни 2022-2023 жылдары – «Достық авто», «Достық темір жолы», «Майқапшағай», «Бақты», «Қалжат», «Тәжен», «Қапланбек», «Темір Баба» бекеттері жаңартылады. 2023-24 жылдары – кезек «Атамекен», «Қазығұрт» бекеттеріне келеді. Нәтижеде өту уақыты 25 минутқа дейін қысқарады. Жобалық-сметалық құжаттар әзір. Жиында бизнес-процестерді автоматтандыру, кедендік бақылауды орталықтандыру мәселелері де талқыланды.  

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу