Желтоқсан айынан бастап Өзбекстанмен шекарадағы «Қапланбек» өткізу бекеті жабылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Желтоқсан айынан бастап Өзбекстанмен шекарадағы «Қапланбек» өткізу бекеті жабылады

01.11.2022

Желтоқсан айынан бастап Өзбекстанмен шекарадағы «Қапланбек» өткізу бекеті жабылады. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша екі ел шекарадағы өткізу пункттерін реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі Жол картасына сәйкес «Қапланбек» – «Зангиота» өткізу бекеттерін жабуға уағдаласқан.

1 желтоқсаннан бастап 2 жолақты өткізу пунктін 6 жолаққа дейін кеңейту жұмыстары басталады. Осылайша «Қапланбек» бекетінің өткізу қабілеті тәулігіне 200-ден 1000 көлікке дейін артады. Шекарадан өту уақыты да 25 минутқа дейін қысқарады. Одан бөлек барыс-келістің барлық кезеңі автоматтандырылмақ. Бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік береді - дейді комитет өкілдері.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу