Таразда тұңғыш рет «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда тұңғыш рет «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалі өтті

12.08.2022

Заңғар Еркін Моңғолияның қазағы. Бүгінгі өнер бәйгесінде «Тарихи толғау» термесін төгілдіріп орындады. Баян өлгей аймағындағы 130 мың қандастың үмітін арқалап келген термеші, бұған дейін де талай өнер додаларында көрерменнің ықыласына бөленіп, жүлдегер атанған.

Заңғар Еркін, термеші:

Әрине қобалжу толғаныс бар. Дегенмен де бұл біздің сахна, бізді тәрбиелейтін халық. Сол үшін бастысы халыққа ұнаса осы Тараз жерінде біздің әніміз әуелесе бұл бақыт деп ойлаймын.

Ал, Ираннан келген Челак Халифех кілем тоқудың хас шебері. Он саусағынан өнер тамған ісмер қолөнер көрмесіне өзі тоқыған бұйымдарын алып келген. Шебер тігіншілікті әжелерімнен үйреніп, ұрпақ сабақтастығын жалғастырып келемін дейді.

Челак Халифех, қолөнерші:

Мені апаларым үйретті ғой. Үлкен әпкелерім бар. Солар кішкентай кезімнен үйретті. Мынаны былай, ананы былай деп көрсетті. Солардан үйренгенім осы. Мына кілемде мысалы Қыз Жібек пен Төлеген бейнеленген.

«Отандастар қоры» бірнеше жыл бойы шет елдегі қазақ жастарына арналған дәтүрлі жобаларды ұйымдастырып келеді. Оның негізі ұлттық өнерді жаңғыртып, жастардың жолын ашу. Бүгінгі байқауға Түркия, Иран, Моңғолия, Қытай, Украина, Өзбекстан секілді бірнеше елден келген жастар төл өнерді, ұлттық дәстүрді көпке насихат етті.

Абзал Сапарбекұлы, «Отандастар» қорының басшысы:

Бұл жобаның мақсаты шетелде тұрып жатқан этникалық қазақтардың, солардың арасынан шыққан талантты өнерпаздарды табу және қолдау білдіру. Олардың өнер жолын ашу және сол елдегі этникалық қазақтардың ұлттық өнеріне ие болу соны дамыту.

Ән әуелетіп, жыр оқыған, қолөнерді жанына серік еткен талантты тастар 4 аталым бойынша марапатталды. Бас жүлде игері 1 миллион теңгені қанжығасына байлады.


Хабарламаларға жазылу