Павлодарда «Қазақ елі» халықаралық өнер фестивалі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда «Қазақ елі» халықаралық өнер фестивалі өтіп жатыр

15.10.2021

Дәстүрлі «Қазақ Елі» халықаралық өнер фестивалі биыл Павлодарда өтіп жатыр. Оған еліміздің әр өңірінен және Түркия, Моңғолия, Ресей, Қытай мен Өзбекстаннан келген 50 ден аса өнерпаз қатысуда. Олар дәстүрлі ән, эстрада, жыр мүшайрасы, терме және қолөнер бойынша сынға түседі.

Ерлан Мәкешұлы, Әнші /Қытай халық республикасы/: 

Тәуелсіз Қазақстанға өнер сапарымен келіп жатқан бүкіл Қазақтың саңлақтарымен , сол саңлақтардың қатарында өзімнің бір кісілік орным болғанына шексіз қуаныштымын. Әрине, қазақтың дәстүрлі мәдениеті, қазақ өнерінің қаймағы бұзылмаған мекенде ол кісілерден алатын біздің тәжірибеміз өте мол.

Қазіргі уақытта әлемнің 40-тан аса мемлекетінде қандастарымыз тұрып жатыр. Фестивалді ұймдастырудағы мақсат солардың шығармашылығына қолдау көрсетіп, ана тілін ұмытпауға, салт-дәстүр, жоралғыларымызды сақтап қалуға демеу болу. Ресейдің Омбы қаласында тұратын Артықбай Смағұловтың жеке шеберханасы бар. Ол шекаралас қазақ ауылдарына жиі шығып, ерте заманнан бері келе жатқан ұсталық, ісмерлік өнерді меңгерген.

Артықбай Смағұлов,  Қолөнер шебері /Ресей/:

Ресей жастарында осындай ұмтылыс бар,игереміз деген, жасаймыз деген, қазақ тілі деген.Олар істегісі келеді. Білгісі келеді. Соларға үйретеміз біз. Қазақстанның беделі көтеріліп отырғанын біз көріп отырмыз. Соған қуаныштымыз еліміздің 30 жылдық Тәуелсіздігіне арнаймыз. 


Хабарламаларға жазылу