Украинада жаппай жұмыссыздық жайлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада жаппай жұмыссыздық жайлады

11.08.2022

Иә, қарулы қақтығыс басталғалы Украинадағы жағдай оңай емес. Қазір бұл елде жаппай жұмыссыздық жайлады. Халықтың басым көпшілігі екі қолға бір күрек таппай жүр. Еңбекпен қамту деңгейі 56-дан қырық пайызға дейін төмендеп кеткен.

Аида Әбіл, тілші:

Қираған қала мен ауыл-ауданда жұмыссыздар санын дәл нақты есептеу қиын. Дей тұрғанмен, Ұлттық банк жаппай жұмыссыздық деңгейі 16 дан 35 процентке дейін шарықтап кеткенін айтып, есеп берді. Бұл дегеніміз 2021 жылы елдегі жұмыссыздар саны 1,5 млн адамды құраса, қарулы қақтығыс салдарынан бүгінде 5 млнға жуық адам тұрақты жұмыс орнынан айырылған. Осыған байланысты елдегі кәсіпкердің пікірін ұсынамын.

Ольга Мудрык, кәсіпкер:

Көптеген бизнес қаржы және маман тапшылығынан жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Шет елге қашқан тұрғындар Украинаға келіп, жұмысты әрі қарай жалғастыруға асығар емес. Киевтің өзінде қайта-қайта дабыл, сондықтан мұндай қорқынышты еңсеруге де батылдық керек.

Аида Әбіл, тілші:

Тағы бір атап өтетіні: 30 процентке жеткен инфляция, күрт қысқарған әлеуметтік төлемдер, жаппай жұмыссыздық пен девальвация Киевтің өзіндегі коммуналдық төлем бойынша берешектің де көлемін арттырды. Осылайша, қала тұрғындарының «Киевжылуэнерго» алдындағы қарызы өткен жылмен салыстырғанда 32 процентке артып, жылу және ыстық су қызметтері бойынша жалпы қарызы 5,5 млдр гривень, яғни 150 млн долларға жеткен. Демек, бүгінде Киев тұрғындарының төрттен үш бөлігі ғана коммуналдық төлемдерді төлейді,- деген сөз.

Аида Әбіл

Хабарламаларға жазылу