Елші мәлімдемесі: Мәскеу Украинада ядролық қару қолданбайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елші мәлімдемесі: Мәскеу Украинада ядролық қару қолданбайды

30.05.2022

Мәскеу Украинада тактикалық ядролық қару қолданбайды. Ресейдің Ұлыбританиядағы елшісі Андрей Келин осылай деп мәлімдеді. Дипломаттың сөзінше, Ресей ядролық қаруды мемлекеттің өмір сүруіне қауіп төнген жағдайда қолдануы мүмкін. Ал мұның Украинадағы операцияға еш қатысы жоқ деп мәлімдеді.

Айта кетсек, ақпанның соңында президент Владимир Путин елдің стратегиялық тежеу күштерін «ерекше режимге» ауыстырды. Сол шақта Батыс елдері Ресей Украинада жаппай қырып-жоятын қару қолдануы мүмкін деген қауіп айта бастаған еді.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу