Ақ үй: Ресей атом қаруын қолдануға әзір емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақ үй: Ресей атом қаруын қолдануға әзір емес

26.10.2022

Ресейдің ядролық қару қолдануға әзірленіп жатқанына ешқандай дәлел жоқ. Мұны Вашингтонда өткен баспасөз маслихатында Ақ үй өкілі Карин Жан-Пьер мәлімдеді. Оның сөзінше, Мәскеудің Украинада атомдық арсеналға жүгінуі үлкен қателік болар еді. Бұған дейін Ресей Киевті «лас бомба» жармақ деп айыптаған. Алайда АҚШ әкімшілігі мен Батыс мемлекеттерінің ойынша, Ресей Украинаға осындай кінә таға отырып, көрші елде жаппай қырып-жоятын қаруды өзі қолдануы ықтимал.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу