Австрияда жұмыссыздар саны артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австрияда жұмыссыздар саны артты

03.03.2015
Австрияда жұмыссыздар саны артты

Бүгін Австриялық сарапшылар елдегі жұмыссыздық көрсеткішінің 10,3 пайызға жеткенін хабарлады. Бұл өткен жылғыдан 5,8 пайызға артық. Қазір Австрияда күндігіне нан таппай қалған азаматтар екінші мамандық алу үшін жаппай қосымша курстарға жазылып жатыр.

Бүгінгі таңда олардың саны 466 226 адамға жеткен. Жығылғанға жұдырық, өздері жұмыс таппай қапылып жатқан Австрияға Румыния мен Болгариядан 40 мың иммигрант кірген.

 

Нартай АРАЛБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу