Солтүстік Корея лидері коронавирусты жеңгенін жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Корея лидері коронавирусты жеңгенін жариялады

11.08.2022

Солтүстік Корея жетекшісі Ким Чен Ын елінің коронавируспен күресте жеңіске жеткенін жариялап, профилактикалық шараларды жеңілдетуді бұйырды. Осылайша ол Солтүстік Кореяның да ковидпен күрескенін үш айдан соң мойындап отыр.

Жергілікті мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қауіпті вирус Кимнің қарындасына Оңтүстік Кореядан әуемен жеткен үнпарақтардан жұққан. Сол үшін Пхеньян түскейдегі көршіден кек алатынын ескертті.

Солтүстік Кореяда 26 миллион адам тұрады. Коммунистік ел билігі ковидтің омикрон нұсқасы тарағанын алғаш рет мамырда мойындады. Содан бері 4,8 миллион тұрғын науқастанған. Алайда олардың көбі корнавирусқа емес, «безгекке» шалдыққаны хабарланды.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу