Солтүстік Кореяда барлаушы жерсерік ұшырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Кореяда барлаушы жерсерік ұшырылды

22.11.2023

Солтүстік Корея ғарышқа әскери барлау жерсерігін сәтті ұшырғанын жариялады. Айта кетсек, биыл Пхеньянның осындай екі әрекеті сәтсіз аяқталғаны белгілі. Қыркүйекте мемлекет лидері Ким Чен Ын Ресейге барды. Сол кезде Кремль басшысы Солтүстік Кореяның ғарыш бағдарламасын дамытуға көмектесетінін мәлімдеген еді.

Дегенмен, Оңтүстік Корея, Жапония және Пентагон солтүстік кореялық жерсеріктің осы жолы орбитаға сәтті ұшқанын әзірге растамай отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу