Пхеньянда ядролық сынақты сәтті жүзеге асырған ғалымдарға қошемет көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пхеньянда ядролық сынақты сәтті жүзеге асырған ғалымдарға қошемет көрсетілді

07.09.2017

Солтүстік Корея астанасында мыңдаған адам орталыққа жиналып, ел тарихындағы 6-шы ядролық сынақты сәтті жүзеге асырған ғалымдар мен техникалық мамандарға үлкен қошемет білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, қыркүйектің 3-де бұл мемлекет алғаш рет сутегі бомбасын сынағанын жариялады. Ол құрлықаралық баллистикалық зымыранға орнатуға арналған. Сол күнгі жарылыс әсерінен жер сілкінісінің қуаты 6,3 баллға жетті.

Бүгінгі салтанатты шараға мемлекет лидері Ким Чен Ын қатысқан жоқ.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу