Солтүстік Кореяда сәуірден бері 4,7 миллион адам ковидке шалдықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Кореяда сәуірден бері 4,7 миллион адам ковидке шалдықты

01.07.2022

Солтүстік Кореяның мемлекеттік ақпарат құралдары ел тұрғындары коронавирусты «өзге планеталық заттардан» немесе оңтүстік кореялықтардан жұқтырды деген хабар таратып жатыр.

Халықаралық агенттіктердің мәліметінше, сәуірдің соңынан бері мұнда 4,7 миллион адам ковидке шалдыққан. Алайда, жергілікті үкімет сол науқастарды «безгекпен» ауырды деп мәлімдеп келеді.

Оңтүстік Корея кейде Солтүстіктің аумағына үнпарақтар мен гуманитарлық көмек жеткізу үшін әуе шарларын жіберіп тұрады. Бірақ, ресми Сеулдің мәлімдеуінше, бұндай тәсілмен Солтүстік Корея халқына вирус жұқтыру мүмкін емес.


Хабарламаларға жазылу