Ақмола облысының Бурабай ауданында коронавирус инфекциясы өршіп тұр. Соңғы аптада ауру жұқтырғандар күрт көбейген. Аймақтағы ахуалды Ермек Елбергеннен білейік. Ермек, жағдайдың бұлай өзгеруіне не себеп? Облыстағы жалпы ахуал қалай?
Ермек Елберген, тілші
Бурабай ауданында соңғы бір аптада 250-ге жуық адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Олардың дені зейнет жасындағы егде адамдар, 59-ы бала. Бұл курортты аймаққа демалушылардың көп келуіне байланысты, - дейді мамандар. Сондай-ақ, аудан тұрғындарының жартысы ғана ревакцинациядан өткен. Бұл аурудың өршуіне себеп болып тұр. Жалпы облыс бойынша да дертке шалдыққандар көбеюде. Кеше 123 жағдай тіркелді. Бурабайдан бөлек, Бұланды мен Есіл аудандарында коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші жоғары. Осы ретте, мамандар тұрғындарға екпе алу керектігін еске салады. Әзірге Ақмола облысы жасыл аймақтар қатарында. Қосымша карантиндік шектеулер енгізу қарастырылмаған. Алайда эпидемиологиялық ахуал нашарласа, шаралар қабылданбақ.