Алматы облысы Талғар ауданында көкпар ұйымдастырғандар 10 тәулікке қамалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысы Талғар ауданында көкпар ұйымдастырғандар 10 тәулікке қамалды

26.07.2022

Алматы облысы Талғар ауданында көкпар ұйымдастырғандар 10 тәулікке қамалды. Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді. Еске сала кетсек, көшеде көкпар тартқандар қоғамдық тәртіпті бұзып қана қоймай, көліктердің жүруіне кедергі келтірген. Жүргізушілерге қауіп төндірген. Ведомвство ұлттық спорт ойындарын жергілікті атқарушы органдармен келісе отырып, ипподромдарда немесе арнайы бөлінген орындарда өткізу керек екенін ескертеді. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу