Алматы – Байсерке – Талғар газ жүйесі іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы – Байсерке – Талғар газ жүйесі іске қосылды

20.10.2014
Алматы – Байсерке – Талғар газ жүйесі іске қосылды

Алматы облысы, Талғар ауданында «Алматы – Байсерке – Талғар» газ жүйесі іске қосылды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «Алматы – Байсерке – Талғар» газ жүйесінің құрылысы» инвестициялық жобасы Мемлекет басшысының Жолдауындағы Алматы облысын газдандыру бағдарламасы аясында іске асырылып отырғанын айтты.

Жылына 2,4 миллиард шаршы метрлік өнім шығаратын газ жүйесімен  380 мың тұрғыны бар 60-тан астам елді мекен қамтылады.

«Сондай-ақ, келешекте «Алматы-Талдықорған» газ жүйесінің құрылысы аяқталса, оңтүстік аймақтың тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету көлемі 80 пайызға артады»,-деді әкім.

«Алматы – Байсерке – Талғар» газ жүйесінің құрылысы  2010 жылы басталған. Ұзақтығы – 64,4 шақырым. Жобаның жалпы құны – 7,8 миллиард теңгені құрады. Айта кету керек, газ жүйесінің құрылысы кезінде алғаш рет отандық металл тұрбалар қолданылды.

Фото: u74.ru

Хабарламаларға жазылу