Австралияда бүгін 5450 адам коронавирустың «омикрон» штамымен ауруханаға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда бүгін 5450 адам коронавирустың «омикрон» штамымен ауруханаға түсті

25.07.2022

Австралияда бүгін 5450 адам коронавирустың «омикрон» штамымен ауруханаға түсті.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, бұны рекорд деп атауға болады. Сонымен қатар, осы вируспен байланысты өлім-жітім де күрт көбейді. Сенбі күні ковидтен 100-ден астам адам қайтыс болған. Австралия - әлемде ең көп иммундалған елдердің бірі. Мұндағы тұрғындардың 93 пайызы коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын алған. Ал үшінші доза салдырғандар 71 пайызға жетіп отыр.

Австралияда коронавируспен бірге тұмау да өршіп тұр. Сондықтан жергілікті билік халықты маска тағуға шақырып, бизнесті онлайн-режимге көшуге үндеді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу