ДДСҰ «Омикроннан» әлемге үлкен қауіп төніп тұрғанын ескертті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ «Омикроннан» әлемге үлкен қауіп төніп тұрғанын ескертті

30.11.2021

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жаңа түрі – «омикронның» әлемге тез тарау қаупінің жоғары екенін ескертті. Және де ол өзіне мүше барлық 194 елді ауру жұқтыруға бейім топтарды вакциналау бағдарламасын жеделдетуге шақырды.

Айта кетсек, «омикрон» қарашаның 24-де Африканың оңтүстігінен анықталды. Одан әзірге ешкім қаза таппаса да, бұл штамм 32 рет мутацияланып, тіпті екпе салдырғандар мен коронавирусқа бұрын шалдыққандарға да жұғуы мүмкін деген болжам айтылып отыр.

Бүгінге дейін «омикрон» Ұлыбританияда, Голландияда, Данияда, Австралияда, Германияда, Израильде, Канадада анықталып, талай елді шекарадағы бақылауды күшейтуге мәжбүрлеп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу