«Дельта» штаммы Африкаға, Австралия мен Еуропаға тарап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дельта» штаммы Африкаға, Австралия мен Еуропаға тарап жатыр

28.06.2021

Коронавирустың үндістандық «дельта-штаммы» Оңтүстік Африка Республикасына кең тарап жатыр. Елде пандемияның үшінші толқынының шарпуына коронавирустың дәл осы нұсқасы себеп болған.

Жұма күні мұнда оны 18 мыңнан астам адам жұқтырып, 215-і қайтыс болды.

Сонымен қатар, тез жұққыш «дельта» варианты Австралияда, Германияда, Италияда, Португалияда да өршіп, бұл мемлекеттердің үкіметтерін вакциналау науқанын жеделдетуге, шектеу шараларын қайта енгізуге мәжбүрлеп отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу