«Жетісу-Жібек жолы» веложорығы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жетісу-Жібек жолы» веложорығы басталды

02.07.2014
«Жетісу-Жібек жолы» веложорығы басталды

Астана күніне орай, Алматы облысында «Жетісу-Жібек жолы» атты веложорығы басталды. Аймақта алғаш ұйымдастырылған спорттық шара Елбасының кіндік қаны тамған Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылынан бастау алды.

Орталық алаңда салтанатты шара өтіп, веложарыққа қатысушыларға қошемет көрсетілді.

Айта кету керек, веложорыққа  30 әуесқой және кәсіпқой велоспортшылар қатысуда.

Олар 1 апта бойы Талғар-Шелек-Шонжы-Жаркент-Қоңыркөл-Қоғалы-Рудничий-Текелі бағытындағы автомобиль жолдарымен жүріп өтіп, 6 шілдеде Талдықорған қаласында тоқтайды.

Сәбит Жайлыбаев,  облыстық «Жетісу» велоспорт федерациясының атқарушы директоры:

Бұл веложорықтың мақсаты - елдің арасында Астананың 16 жылдығын, велоспорттың 100 жылдығын дәріптеу. Сонымен қатар, велосипедті ұтымды, үнемді, пайдалы көлік ретінде халық арасына енгізу, сол арқылы бұқаралық спортты дамыту. Болашақта Шамалғаннан Талдықорғанға дейінгі аралықта халықаралық дәрежедегі көпкүндік жарыстар өтетін болады. Бұл бір жағынан соған дайындық.

Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу