Павлодарда «Жібек жолы» фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда «Жібек жолы» фестивалі басталды

25.02.2019

Оған әлемнің 9 мемлекетінен 700-ге жуық өнерпаз келді. Конкурс мектеп оқушылары мен өнер айдынына енді құлаш ұрған жастарға арналған. 

Алдағы 4 күн ішінде шаһардағы бірнеше концерттік сахналарда жеке орындаушылармен қатар 40-тан аса ансамбль өнер көрсетеді. Ал, олардың шеберліктері 5 негізгі және 9 кіші номинация бойынша бағаланады.

Ұлықбек Имамов, Ташкент мемлекеттік консерваториясының профессоры, қызылар алқасының мүшесі:

- Ертеде өзбектер мен қазақтар осы «Жібек жолы» бойында керуен тартып, бір-бірімен ынтымақтастықта, достықта, бауырлас ұлттар ретінде араласқан ғой. Сол бірлігіміздің арқасында берекелі ел болып отырмыз. Мен бүгін Павлодарда осындай үлкен фестиваль өтіп жатқанына өте қуаныштымын.

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу