Астанада «Жібек жолы» фестивалі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Жібек жолы» фестивалі аяқталды

06.11.2015
Астанада «Жібек жолы» фестивалі аяқталды

Бұл кеште Италиядан келген қонақтар – атақты сырнайшы Нелло Сальца мен дирижер Массимо Скапин және театрдың опера және балет жұлдыздары, симфониялық оркестр мен хор қатысады.

25-қыркүйектен бастап елордалық театрдың басты сахнасында жетекші әлем театрының опера жұлдыздары өнерлерін көрсетті.

Фестиваль күндері астаналық театрдың қонағы болған әлемдік опера жұлдыздары: баритон Джулио Боскетти (Италия), сопрано – Акико Хаякава (Жапония) және Катажина Мацкевич (Польша), тенорлар – Михаил Агафонов (Алмания), Михаил Векуа (Ресей), Нәжмиддин Мавлянов (Өзбекстан), дирижерлар: Джузеппе Акуавива (Италия), Коичи Иноуэ (Жапония), Дориан Уилсон (АҚШ).

Театр әртістері қазақстандық орындаушылар үшін осындай іс-шаралардың маңызды екенін айтып өтті.

Солистер, фестивальдің музыканттарға үлкен емтихан екенін, яғни әртүрлі елден келген әріптестермен бірлесіп жұмыс істеу, олардың шығармашылығымен танысу, тәжірибе алмасу – бұл да кәсіби шыңдалудың бір сатысы болғанын айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

 

Хабарламаларға жазылу