Алматы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «Қызыл амаққа» жақындады. Қалада күн сайын 200-дей адам вирус жұқтырып жатыр. Ауырғандардың 85 пайызы вакцинацияның уақытын өткізіп алған, не мүлдем екпе алмаған азаматтар. Мамандардың сөзінше қазір елде, негізінен «омикрон стеллс» штамының BA-2 және BA-3 нұсқалары таралып жатыр. Олар өте жұқпалы, бірақ ауру жеңіл өтеді. Алайда қарттар мен созылмалы ауруы бар науқастарда асқыну қаупі жоғары. Пандемияның жаңа лебіне Алматыда 7 мың төсек-орын, 23 ковидтік клиника әзірленді.
Әсел Қалықова, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Қала қызыл аймаққа бүгін не ертең өтеді деп нақты айта алмаймыз. Барлығы вирустың таралуына, азаматтардың карантин талаптарын сақтауына байланысты. Көбінде 20 мен 40 жас аралығындағы жастар ауырып жатыр. Ал екпе салдырып жатқандар саны күніне 500 адамнан асады. Бірақ, бұл көрсеткіш аз.
Ал елде өткен бір тәулікте 454 қазақстандық дертке шалдыққан. Оның ішінде Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы облыстарында індет көп таралып жатыр. Жалпы, коронавирус анықталған 14 науқас ауыр халде. Ал 3 мыңға жуық адам ем қабылдап жатыр.
Фариза Мұсақызы