Шымкент қаласы «қызыл» аймаққа енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласы «қызыл» аймаққа енді

15.04.2021

Өткен тәулікте Шымкентте 111 адам коронавирус жұқтырып, мегаполис қауіпті «қызыл» аймаққа енді. Дертке шалдыққандардың 39-ы инфекциялық станционарға жатқызылса, қалғанын дәрігерлер әзірге үй бақылауында ұстап отыр. Әсіресе жансақтау бөліміне науқастардың көптеп жатқызылуы медицина қызметкерлерін алаңдатуда. Қазір мамандандырылған инфекциялық стационарларда 1 мыңнан астам төсек-орын болса, соның үштен бірі науқастарға толған. Ал егу науқаны басталғалы 39 мыңға тарта адам коронавирусқа вакцина салдырған.

 Бақытжан Позилов, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы: 
Реанимация бөлімшесінде өте көп науқастар. Көбі жастар 40-30-25 жастағы науқастар өте ауыр жағдайда жатыр. Барлықтарыңызды ертерек коронавирусқа қарсы вакцина салуға шақырамын.

Ал осыған дейін «жасыл» аймақта болған Шығыс Қазақстан облысында эпидахуал нашарлап, өңір бүгін «сары» аймаққа енді.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу