Алматы қаласы қайтадан «қызыл» аймаққа енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы қаласы қайтадан «қызыл» аймаққа енді

25.01.2021

Коронавирус таралу көрсеткіші бойынша Алматы қайтадан «қызыл» аймаққа енді. Мегаполистегі эпидемиялық жағдай күн сайын ушығуда. Қазір COVID-19-дың орташа есеппен 1,2 есе өсуі байқалып отыр. Инфекцияны жұқтыру қоғамдық орындарда, қоғамдық көліктер мен ойын-сауық орындарында жиілеген. Сондықтан қала әкімдігі мейрамханалар мен басқа да көпшілік орындардың жұмыс тәртібін бақылауға алуды тапсырды. Алматының мониторингтік топтары демалыс күндері 370 нысанды тексеріп, 58-інің карантин шараларын бұзғанын анықтады. 

Хабарламаларға жазылу