Алматыда қару кезенген күдікті ұсталды
Алматыда түн ішінде қару кезенген күдікті ұсталды. Оқиға Алатау ауданындағы Дарабоз ықшам ауданында болған. Аулада қару асынған белгісіз ер адамды байқаған кешен тұрғындары дереу полицияға хабар берген. Қауіпсіздік мақсатында патрульдік полиция күшімен тұрғын үй қоршалды. Артынша арнайы бөлімше қызметкерлері күдіктіні ұстады. Полицияның мәліметінше, сол тұрғын үй кешегінің 37 жастағы тұрғыны әйелімен жанжалдасқаннан кейін осындай әрекетке барған. Ер адамның өз атына тіркелген тегіс ұңғылы аңшылық мылтығы болған. Тұрғындардың айтуынша, ол бірнеше рет атып үлгерген. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы талқыланды
19.09.2025, 20:47

«Отбасы банк» қазаннан бастап онлайн төлемдерге шектеу қояды
19.09.2025, 20:47
Сот жүйесіндегі реформалар демократиялық институттардың дамуына жол ашты
19.09.2025, 20:27
Спортшылар 8 айда 912 медаль жеңіп алды
19.09.2025, 20:26
Интервидение байқауында еліміз атынан «Amre» қатысады
19.09.2025, 20:24
Шахматтан Әлем чемпионаты басталды
19.09.2025, 20:21
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин TikTok мәселесін талқылайды
19.09.2025, 20:19
Азғыр полигонын әлі де зерттеу қажет
19.09.2025, 20:16