Алакөл жағасындағы өрт салдарынан 4 демалыс орнына қарасты 17 ғимарат жанып кетті. Өрттің жалпы аумағы 3000 шаршы метр. Адам шығыны жоқ. Тек 7 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Олар ауруханаға жатқызылған жоқ. Тілсіз жау кеше түнгі сағат 11 мен 12 аралығында басталып, таңғы беске таман сөндірілді. Өрт «Керуен» демалыс орталығынан басталып, қасындағы «Әйгерім», «Әлихан», «Жұмағазы» демалыс аймақтарын шарпыған. Әзірге, шығу себебі белгісіз. Өртті сөндіруге Шығыс Қазақстан және Алматы облысынан 200-ге жуық маман жұмылды. Қанша турист болғаны белгісіз. Олар бірден қауіпсіз орындарға эвакуацияланған. Арнайы комиссия құрылды. Бизнес субьектілерінің нақты шығыны есептеліп жатыр. Жалпы Алакөл маңында 300ден астам демалыс орны бар.
Талғат Уәли, ҚР Төтенше жағдай министрлігінің ресми өкілі:
Екпінді жел мен ауа райына байланысты, ғимараттардың жақын орналасуына байланысты, тез жанғыш материалдардан салынғандықтан өрт лезде тарап кеткен. Күйіп қалу деректер тіркелген жоқ. Тек эвакуациялау барысында сырып алған, кесіп алған жеңіл жарақаттар болды. Олар дәрігер тексерісінен кейін үйлеріне жіберілді.