Алматыда екі қабатты ғимарат тұтастай жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда екі қабатты ғимарат тұтастай жанып кетті

03.11.2021

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт Бостандық ауданы аумағындағы қараусыз қалған нысаннан шыққан. Қызыл жалын қос қабатты ғимараттың 180 шаршы метрдей аумағын шарпыды. Оқиға орнына жеткен мамандар жарты сағат ішінде өртті толығымен сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Жазира Оразқызы


Хабарламаларға жазылу