Жапонияда ЮНЕСКО тізіміне енген қамал өртеніп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда ЮНЕСКО тізіміне енген қамал өртеніп кетті

31.10.2019

Жапонияда ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар тізіміне енген тарихи қамал өртеніп кетті. Оқиға елдің Окинава аралында бүгін болды. 

Шури қорғаны осыдан бес ғасырдан астам уақыт бұрын король сарайы ретінде салынған. Ол күз фестивалі кезінде отқа оранды. Әзірге өрттің неден басталғаны белгісіз. 

Алып ғимарат сол заманның өзінде үш рет жанып, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Америка әскерінің жойқын соққысына ұшырап, толық қирап, кейіннен қалпына келтірілген. 

«Рейтердің» хабарлауынша, бұл қамал 2020 жылы өтетін Токио Олимпиадасының алауы аялдайтын жерлердің бірі болып таңдалған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу