Ақмола облысында учаскелік инспектор зейнеткерді құтқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында учаскелік инспектор зейнеткерді құтқарды

05.07.2022

Ақмола облысының Степногорск қаласында учаскелік инспекторлар өз өмірін қимақ болған зейнеткерді құтқарып қалды. Полицияға бұл оқиға жайлы оның көршісі хабарлаған. 79 жастағы кейуана 2-ші қабаттан секірмек болған. Оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшыларының біреу онымен сөйлесіп, назар аударған. Сол уақытта екіншісі пәтердің есігін бұзып кіріп, балконның терезесінде отырған зейнеткерді ұстап қалған. Кейін оған медицина қызметкерлері көмек көрсетті.

Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу