Учаскелік инспектор тәулік бойы тәртіпті қадағалайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Учаскелік инспектор тәулік бойы тәртіпті қадағалайды

21.06.2021

Теріскейде Президент Жолдауында айтылған «Жұртқа жақын полиция» қағидаты жүзеге асырыла бастады.

Мамлют ауданына қарасты Новомихайловка елді мекенінде тұрғын үйге жапсарлас полиция бекеті ашылды. Енді учаскелік инспектор жаңа форматта жұмыс істейді. Яғни полиция қызметкері қоғамдық тәртіпті 24 сағат бойы қадағалай алады. Ол үшін ауылдың көшелеріне бейнебақылау камералары орнатылды. Учаскелік инспектор бейнежетон және планшетпен қамтамасыз етілген, оған жаңа қызметтік көлік те табысталды.

Марат Төлебаев,  ПД бастығы:
Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында қызметтік үймен біріктірілген полиция бекеті ашылды. Бұл учаскелік инспектордың жұмысына оң ықпал етіп, халыққа жақын бола түсуіне септеседі деп ойлаймын. Облыстың барлық аудандарында осындай бекеттер ашылады. 

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу