Тағы бір инспектор браконьерлер қолынан қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тағы бір инспектор браконьерлер қолынан қаза тапты

23.07.2019
Тағы бір инспектор браконьерлер қолынан қаза тапты

Ақмола облысында браконьерлер оқ атып, жарақат алған инспектор ауруханада қайтыс болды. Ол Державинск қаласының аудандық ауруханасына жеткізілген болатын.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, қаза тапқан инспектор - Нұртазинов Қаныш Серікұлы 1976 жылы 24 қаңтарда дүниеге келген. Ол – Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Қоскөл ауылының тұрғыны. 2016 жылдың 5 қаңтарында «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК жұмысқа тұрған. Оның артында әйелі, үш қызы және 2011 жылы туған ұлы қалды. 

Сондай-ақ, жарақат алған екінші инспектор Оспанов Самат Көшбергенұлы 1975 жылы Ақмола облысында туған. Білімі - орташа-арнаулы, заңгер. Қазіргі таңда инспекторға Державинск аудандық ауруханасында ота жасалып жатыр. 

Ал ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев браконьерлер қолынан мерт болған инспектордың отбасына көңіл айтты.

«Бүгін браконьерлерді ұстау кезінде «Охотзоопром» инспекторы Қаныш Нұртазинов қаза тауып, Оспанов Самат ауруханаға түсті. Қызметтік міндетін орындау кезінде көз жұмған марқұмның отбасына қайғырып, көңіл айтамын. Олардың отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі», - деп жазды министр өзінің Twitter-дердегі парақшасында.
 

Хабарламаларға жазылу