Дәнеш Рақышевтың туғанына – 90 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәнеш Рақышевтың туғанына – 90 жыл

08.04.2016
 Дәнеш Рақышевтың туғанына – 90 жыл

Дәнеш Рақышев шырқаған «Аңшының әні» 1960 жылдан бері қазақ даласына кеңінен таныла бастаған еді. Сол кездері Мұхтар Әуезов Дәнешке екі қайтара айтқызып, тарихын сұрайды.

Әнші әнді қисса-дастандардан алынғанын, оны алғашқы ұстазы Байбазар Өстемірұлынан үйренгенін айтады. Ал, Сәбит Мұқанов «Өсу жолдары» кітабында бұл әннің сөзі Үкілі Ыбырайдікі екенін жазған.

Дәнеш Рақышевтың үзеңгілес досы Құрманбай Толбаевтың әннің тарихы жөніндегі пікірі басқа.

«Құрманбай Толбаев кезінде «Дәнештің үш құпиясы» деген мақаласында тайға таңба басқандай етіп айтып кеткен. «Бұл әннің шығу барысында мен басы-қасында болдым. Әннің сөзін жазуға мен де үлес қостым. Ал, әнді Дәнеш бастан-аяқ өзі жазған», деп жазып кеткен»,-дейді дәстүрлі әнші Нұржан Жанпейісов.

Дәнештің әкесі Рақыш атақты әнші, домбырашы, айтыскер, сері болған. Бірақ, әнші домбыра шертуді Мұқаш Қорабаевтан үйренген, ал, оны ән айтуға Байбазар Өстемірұлы баулыған.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу