Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл

28.09.2022

Бүгін Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл. Халық арасында «Шер-аға» атанып кеткен жазушы «Белгісіз солдаттың баласы», «Ахметжанның анты», «Мылтықсыз майдан» повестері, «Интернат наны» әңгімелері, «Қара маржан», «Жүрекке әжім түспейді», «Ай мен Айша» сынды романдарымен қазақ прозасында өшпес туындылар қалдырды. Қазақ тілінің, ділінің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған әйгілі тұлға отандық журналистиканың қалыптасуына, дамуына да елеулі үлес қосты.

«Лениншіл жас» пен «Социалистік Қазақстан» газетінің тілшісі болып қызмет етті. 1963-1970 жылдар аралығында «Лениншіл жас» газетінің редакторы қызметінде болған. Одан кейінгі кездері «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы әрі Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының хатшысы қызметін атқарған. 

Хабарламаларға жазылу