Бір тәулікте 189 адам коронавирус жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір тәулікте 189 адам коронавирус жұқтырды

01.07.2022

Бір тәулікте 189 адам коронавирус жұқтырды. 100-ге жуығы Алматы қаласында, 55-і елордада анықталды. Өзгелері Атырау, Жамбыл, Қарағанды , Ақмола, Солтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарында және Шымкент қаласында тіркелді.Бүгін ведомстваралық комиссия отырысы өтеді.

Елімізде, Омикрон штамының стелс түрі кең таралуда. Денсаулық сақтау министрі туристердің шетелге көп шығуына байланысты халықты ревакцинация жасауға шақырды. Ал маска тағу режимі егер өңірлер сары, қызыл аймаққа кірсе ғана енгізілуі мүмкін. Министр көпшілікті алаңдамауға шақырды.  

Ажар Ғиният, ҚР денсаулық сақтау министрі:

Дәл бүгінгі күні, Республика бойынша қорқынышты жағдай жоқ. жасыл аймақта. Ауруханада жүздеген адам ем алып жатыр. Ауруханының толықтыруы 6 пайыз. Соның ішінде 4 адам жағдайы қатаңдау деп бақылауда. Бүгінгі таңда алаңдауға негіз жоқ. бірақ алдымызды ойлап қандай да бір шараларды жоспарлап қоямыз.

Хабарламаларға жазылу