Елімізде бір тәулікте 3329 адам коронавирус жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде бір тәулікте 3329 адам коронавирус жұқтырды

10.02.2022

Өткен бір тәулікте елімізде 3329 адам коронавирус жұқтырды. Жалпы елде індеттің ілмегіне іліккендер саны 1 283 171-ге жетті. Бір күнде 9334 науқас айығып шықты. Жағдайдың тұрақталуына байланысты тағы бір өңір – Шығыс Қазақстан «қызыл» аймақтан шықты.

Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары әлі де қауіпті өңір қатарында. «Сары» аймақта Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары болса, Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары «жасыл» аймақта.


Хабарламаларға жазылу