Жамбылдағы өндіріс орнында екі жұмысшы қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылдағы өндіріс орнында екі жұмысшы қаза тапты

01.07.2022

Жамбыл облысында өндіріс орынында екі жұмысшы қаза тапты. Олар фосфор ұнтақтайтын қондырғыны жөндеп жатқанда, құрылғы қосылып кеткен. Қазір Жамбылдағы әріптесім Нұрдос Болатұлы тікелей байланыста. Нұрдос, қайғылы жағдай қашан болған?

Нұрдос Болатұлы, тілші:

Оқиға кеше кешкісін «Казфосфат» серіктестігінің Сарысу ауданындағы бөлімшесінде болған. Аудандағы «Қаратау кен өндіру» комбинатындағы фосфор ұнтақтайтын құрылғыны жөндеу кезінде, ол кенеттен іске қосылады. Ішінде 5 жұмысшы болған екен. 1987 және 1994 жылы туған екі қызметкер оқиға орнында бірден қайтыс болған. Ақпаратқа сай олар дәнекерлеуші және слесарь болып жұмыс істеген. Ал өзге 3 адам түрлі дене жарақатын алған. Қазіргі таңда аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталған. Оқыс оқиғаға қатысты тың деректер болып жатса алдағы шығарылымда хабарлайтын боламын, әзірге мендегі бар ақпар осы.


Хабарламаларға жазылу