Алматыда аяқталған Х Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің жабылу рәсімі Республика сарайында өткізіліп, әділ қазылар 30 елден түскен 12 картинаның жеңімпаздарын анықтады. Бес күнге созылған халықаралық кинобәйгеде фестивальдің арнайы «Euronews» жүлдесін Вольфганг Спильберг иеленді.
«Фипресси» мен «Нетпак» сыйлығын отандасымыз Нариман Төребаев «Приключение» туындысымен ұтты. Көрермен көзайымы өзбекстандық режиссер Рашид Сүлейменовтің «Дорога домой» фильміне бұйырды.
Жазира ИСАЕВА, Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ