Президент шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшелерімен кездесті
Мемлекет басшысы шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшелерімен кездесті. Олардың арасында әлем чемпиондары мен халықаралық гроссмейстерлер – Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева мен Гүлісхан Нақбаева бар.
Президент елімізде шахматқа мемлекет тарапынан жүйелі көмек көрсету туралы ұсыныстарды тыңдады. Мектеп бағдарламасына шахматты факультативтік пән ретінде қосу жайы айтылды. Алматыда 1 500 орындық шахмат пен ақпараттық технологияларды тереңдетіп оқытатын мектеп-интернат салуды қолдады.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев шахмат саласын дамытуға қолдау көрсететінін атап өтіп, спортшыларға Үндістанда өтетін Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында табыс тіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
20.10.2025, 20:33
«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
20.10.2025, 20:31
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
20.10.2025, 20:30
БҚО-да мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
20.10.2025, 20:30
Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
20.10.2025, 20:29
Қазақ музыкасын зерттеген Юрий Аравин өмірден өтті
20.10.2025, 20:29