Жетісу облысында су қоймасы маңынан мал өлекселері табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында су қоймасы маңынан мал өлекселері табылды

20.06.2022

Жетісу облысында орналасқан Қызылағаш су қоймасы маңынан ұсақ малдың өлекселері табылды.

Бөгет аумағында шамамен 60-қа жуық қой-ешкі және қозылар суға құлап тұншыққан. Ақсу ауданы әкімдігінің мәліметінше, өлекселер судан шығарылып, Қызылағаш ауылы маңындағы өлексе тастайтын арнайы орынға жеткізілген. Сондай-ақ сырғалары тексеріліп, қырылған малдың иелері анықталуда.

Шығынға батқан шаруалар Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексіне сәйкес айыппұл арқалауы мүмкін. Алдын ала болжам бойынша мал жазғы жайылымға көшіріліп бара жатқанда бөгеттен суға құлаған.


Хабарламаларға жазылу