Қарағанды облысында адасқан малшы аман-есен табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында адасқан малшы аман-есен табылды

05.12.2022

Қарағанды облысында боран кезінде жоғалып кеткен шопан аман-есен табылды. 56 жастағы азаматты іздеу үшін «Қазавиақұтқару» қызметінің тікұшағы шақыртылған.

Осакаров ауданына қарасты Тельман ауылының тұрғыны жоғалып кеткені туралы хабар 3 желтоқсан күні сағат кешкі жетіден аса түскен. Ол таңертең мал іздеуге шығып, қатты боранда адасып, үйіне оралмаған. Іздеу-құтқару жұмыстарына төтенше жағдай менполиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар және тұрғындар қатысқан. Ер адам келесі күні түстен кейін Сарыөзек ауылы маңынан табылды. Ол 60 шақырымдай жүріп, ескі үйде түнеген.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу