Әлемдегі ең үлкен көше Канадада - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ең үлкен көше Канадада

08.11.2015
Әлемдегі ең үлкен көше Канадада

Бұндай атаққа ұзындығы 1896 километр болатын Канаданың Торонто қаласындағы көшелердің бірі ие. Бұл қаладағы Янг көшесі қаланың орталығынан басталып, АҚШ-пен шекара аймағында бірақ аяқталады және бұл ешқандай да жол немесе  трасса емес, кәдімгі көше.

Ал, өзінің енінің кеңдігі жағынан Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласындағы көшесіне тең келетін қала жоқ. Бұл көшенің әр бағытында көлікке арналған 9 жолақ бар. Көшеде сонымен қатар, көгалдар мен ғимараттар және тарихи ескерткіштер орналасқан.

Көшенің аты 9-шы Авеню. Оның ені 110 метрді құрайды. Ал, ұзындығы небәрі 1 километр ғана. Мұндай көшенің екінші бетіне бағдаршамның қызылы жанғанша өтіп кету мүмкін емес.  

Хабарламаларға жазылу