Ақмола облысында 14 жастағы бала бензинге уланып, көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында 14 жастағы бала бензинге уланып, көз жұмды

09.06.2022

Ақмола облысында 14 жастағы бала бензин құйылған бөшкеге түсіп кетіп, көз жұмды. Қайғылы оқиға Бұланды ауданының Алтынды ауылында болған. Жасөспірім «бензиннен улану» диагнозымен ауруханаға жеткізілген.

Алайда оның өмірін сақтап қалау мүмкін болмады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Хабарламаларға жазылу