Ақмола облысында вирустан бір адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында вирустан бір адам көз жұмды

08.04.2020

Ақмола облысында осы дертті жұқтырған бір адам көз жұмды. Ол 91 жастағы Целиноград ауданының тұрғыны. Кейуана осыған дейін ажал құшқан азаматпен байланыста болған. Марқұм қауіпті індеттен басқа бірнеше созылмалы ауруға шалдыққан екен. Бұл — Ақмола облысында індеттен қайтыс болған осымен үшінші адам. Ал республикада дерттен көз жұмғандар саны 7-ге жетті. Целиноград ауданы аймақтағы аурудың негізгі ошағы болып тұр. Өңірде тіркелген 43 жағдайдың 36-сы осы ауданда. Қазір облыс бойынша 372 адам дәрігерлер бақылауында.

Ермек ЕЛБЕРГЕН


Хабарламаларға жазылу