Жаңа Ата Заң: Конституцияға енгізілген өзгерістер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа Ата Заң: Конституцияға енгізілген өзгерістер

08.06.2022

Бұдан бұлай Қазақстан - өлім жазасы жоқ мемлекеттер қатарында. Конституцияға енгізілген өзгерістердің бірі осыны қамтиды. Мемлекет басшысының «Екінші Республика» идеясына сәйкес еліміз «Күшті Президенті – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласымен өмір сүреді. Ата заңдағы ең басты құндылық халықтың құқығы тапталмайды. Халық заңсыздыққа тап болса – Конституциялық сотқа жүгіне алады.

Қоғамда ең үлкен резонанс тудырған мәселе - заңсыздық. Осылай деген мәжіліс депутаты Саясат Нұрбек өзінің атына жолданатын хаттардың 80 пайызы соттың, атқарушы органдардың шешімдеріне қарсы дейді. Мұндай проблемаға тап болғандар енді тікелей – Конституциялық сотқа жүгіне алады. Олар: азаматтық, қылмыстық, әкімшілік тағы сол сияқты істерді қарау кезінде қолданылған нақты заңның талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

Саясат Нұрбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Бұл сот құрамында жүрген соттар өте қиын ең қиын, өте шиеленісіп қалған сұрақтарды қарайтын болады. Неге десеңіз? Бұл былай қарасаң соңғы амал станциясы болады, бұл Конституциялық сот. Сіздің шешіміңіз былай қарасаңыз объективті болу керек, тап-таза болу керек, оның тек қана бір жолы болу керек адам құқықтарына кез келген шешім қайшы келсе онда заңды түрде Конституциялық түрде қабылдауымыз керек.

Конституцияның жаңа нұсқасы бойынша президенттің Сенатты бақылау тетігі азаяды. Ол үшін жоғары палатаны жасақтау тәртібі мен бірқатар функциясы өзгермек.

Қазіргі таңда сенаттағы 49 депутаттың 34 өңірлерден яғни әр облыстан екі өкілден сайланса, 15 сенаторды Президент тағайындайды. Бұл мемлекет басшысына заң шығару процесін қадағалап, тікелей ықпал етуге мүмкіндік беріп келді. Енді квота 15-тен 10-ға дейін қысқаруы мүмкін. Онда да оның тең жартысын Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынады.

Жалпы депутаттар сайлауалды бағларламасынадағы уәделерін орындай алмаса, оны сайлаушылар депутаттық мандатынан айыра алалды. Сондай-ақ жергілікті басқаруға қарапайым тұрғындар да араласа алады.

Ал, сайлауда кіл мықтылар іріктеліп шығу үшін шынайы бәсеке болуы шарт. Енді елде партиялардың қатары көбеймек. Яғни саяси ұйым дарды тіркеу жүйесі едәуір жеңіледі.

Тіркеу шегі 4 есе азаяды. Бұған дейін 20 мың адамның қолын жинау керек болса, енді 5 мың жеткілікті. Өңірлердегі өкілдер 600-ден 200 адамға кемиді. Ал, бастамашыл топтың ең төменгі саны үш жүзге қысқарады.

Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Мен ойлаймын саси конкуренция мен саяси плюрализм өте күшейеді. Себебі, партиялардың саны көбейейін деп отыр. Партиялардың саны көбейгеннен кейін конкуренция көбейеді, ой көбейеді. Халық өкілдерінің сайлауға түсуге, осы өкілетті органдарға сайлануға мүмкіндікке ие болады.

Жалпы, Конституциядағы жаңашылдықтар қоғамды саяси тұрғыдан толық трансформацияламақ. Осылайша, «Жаңа Қазақстанның» құқықтық негізі қаланды деп айтуға болады.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу