Орталық референдум комиссиясы жалпыхалықтық референдумның алдын ала қорытындысын жариялады. Оның нәтижесі мынадай. Дауыс беруге барған халықтың 77 пайыздан астамы конститутцияға енгізілген түзетулерді қолдаған. Ал 18 пайыздан астамы қарсылық білдірген. Жалпы референдумға барған азаматтардың саны 8 миллионға жуық. Бұл дауыс беруге құқы бар 12 миллиондай адамның 68 пайызы. Яғни белсенділік жоғары.
Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы:
Комиссия төрағасының айтуынша заң бойынша азаматтардың жартысынан астамы дауыс берсе, референдум өткен болып есептеледі. Ал араға 27 жыл салып өткен бұл жолғы референдумның көрсеткіші әлдеқайда жоғары. Десе де бұл алдын ала қорытынды. Өйткені бюллетень саны тағы бір нақтыланып, кейін нақты мәлімет шығуы тиіс. Бірақ оның алдын ала қорытындыдан айтарлықтай айырмашылығы болуы екіталай дейді комиссия мүшелері.
Досжан Маратұлы