Басты Жаңалықтар Өскеменде мектеп оқушылары онлайн оқуға көшті

Өскеменде мектеп оқушылары онлайн оқуға көшті

Бүгін Өскемендегі орта мектептер онлайн оқуға көшті. Себебі облыс орталығын 5 тәулік бойы қою түтін басып тұр. Сондықтан қолайсыз экологиялық ахуалға байланысты білім бөлімі оқушыларды қашықтан оқыту туралы шешім қабылдады. «Қазгидромет» орталығы қалада екінші дәрежелі метеорологиялық жағдайдың қалыптасқанын ресми хабарлады. Яғни, ауада күкіртті сутек шектік мөлшерден бірнеше есеге артып кеткені анықталды. Облыстық экология дептартаменті мамандары ірі өндірістер мен жылыту орталықтары соңғы тәулікте ауаға қанша мөлшерде зиянды қалдық шығарғанын арнайы құрылғылармен тексеріп жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы түтіннен уланып немесе тыныс жолдарының химиялық күю диагнозы бойынша ауруханаға түскен адам жоқ екенін хабарлады. Ал жел соқпаған күндері Өскеменді тұман аралас қою түтін басады. Күн суытып, жеке үйлер көмір жағуды бастағанда қаланың ауасы тіпті тарылады.


Бөлісу